Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 248 T Manual De Instrucciones página 423

Ocultar thumbs Ver también para RM 248 T:
17 Жөндеу
► Бұранданы (2) және шайбаны (3) кәдеге жаратыңыз.
Пышақты (1) орнатпас бұрын жаңа бұранда мен
шайбаны пайдаланыңыз.
16.2.2 Пышақты монтаждау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тоқтатыңыз.
► Жаңа шайбаны (3) жаңа бұрандаға (2) қойыңыз.
► Loctite 243 фиксаторын бұранданың (2) ирек
оймасына жағыңыз.
► Пышақты (1) тірек бетіндегі шығыңқы жерлер
пышақтағы (1) ойықтармен жанасатындай етіп
орнатыңыз.
► Бұранданы (2) шайбамен (3) бірге бұрап кіргізіңіз.
► Пышақты (1) ағаш бөренемен (4) бұғаттаңыз.
► Бұранданы (2) 65 Нм тарту моментімен тартыңыз.
0478-111-9848-A
16.3 Пышақты қайрау және теңдестіру
Пышақты тиісінше қайрау және теңдестіру үшін көп
жаттығу қажет.
STIHL компаниясы пышақты STIHL делдалына қайрауға
және теңдестіруге тапсырыс беруге кеңес береді.
Сақтандыру
Пышақтың кескіш жиектері өткір. Пайдаланушы өзін
кесіп алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған жұмыс қолғаптарын
киіп жүріңіз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тоқтатыңыз.
► Пышақты бөлшектеңіз.
► Пышақты қайраңыз. Бұл ретте қайрау бұрышына назар
аударыңыз және пышақты суытыңыз, @ 19.2.
Пышақты қайраған кезде оған көгілдір түс беруге
болмайды.
► Пышақты монтаждаңыз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда: STIHL
делдалына жолығыңыз.
17 Жөндеу
17.1 Көгалшапқышты жөндеу
Пайдаланушы көгалшапқышты және пышақты өз бетімен
жөндей алмайды.
► Көгалшапқыш немесе пышақ зақымдалған жағдайда:
көгалшапқышты немесе пышақты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына жолығыңыз.
► Нұсқау тақтайшалары анық емес немесе зақымдалған
болса: нұсқау тақтайшаларын STIHL делдалына
алмастыруға беріңіз.
қазақ
421
loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253 t