қазақ
► Көгалшапқыштың саңылауларына бөгде заттар
салуға болмайды.
► Тозған немесе зақымдалған нұсқау тақтайшаларын
ауыстырыңыз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда: STIHL
делдалына жолығыңыз.
4.6.2
Пышақ
Келесі шарттар орындалған кезде, пышақ қауіпсіз жұмыс
күйінде болады:
– Пышақ пен құрамдас бөлшектер зақымдалмаған.
– Пышақ деформацияға ұшырамаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Пышақ тиісінше өткірленген.
– Пышақта қылау жоқ.
– Пышақ тиісінше теңдестірілген.
– Пышақтың минималды қалыңдығы мен минималды
енінен асырылмаған, @ 19.2.
– Өткірлеу бұрышы сақталған, @ 19.2.
Сақтандыру
■ Пышақ қауіпсіз күйде болмаған жағдайда, оның
бөлшектері босап қалуы және лақтырылуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған пышақпен және зақымдалмаған
құрамдас бөлшектермен жұмыс істеңіз.
► Пышақты тиісінше орнатыңыз.
► Пышақтарды тиісінше қайраңыз.
► Минималды қалыңдығынан немесе минималды
енінен асырылған жағдайда: пышақты
ауыстырыңыз.
► Пышақты STIHL делдалына теңдестіруге беріңіз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда: STIHL
делдалына жолығыңыз.
406
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.7
Жанармай және отын құю
Сақтандыру
■ Осы көгалшапқыш үшін пайдаланылатын жанармай –
бензин. Бензин жанғыш болып табылады. Бензин
ашық отпен немесе ыстық заттармен жанасқан
жағдайда, бензин өрт немесе жарылыс қаупін тудыра
алады. Адамдар жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Бензинді жылу және от көзінен қорғаңыз.
► Бензинді төкпеңіз.
► Бензин төгілген жағдайда: бензинді шүберекпен
сүртіп, қозғалтқышты көгалшапқыштың барлық
бөліктері кепкеннен кейін ғана іске қосуға
әрекеттеніңіз.
► Шылым шекпеңіз.
► Оттың жанында отын құймаңыз.
► Отын құяр алдында қозғалтқышты сөндіріңіз және
суытыңыз.
► Бакты босату қажет болса: сыртта орындаңыз.
► Қозғалтқышты отын құю орнынан кемінде 3 м
арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензин бар көгалшапқышты ешқашан
бөлме ішінде сақтамаңыз.
■ Ішке тартылған бензин буы адамның улануына әкелуі
мүмкін.
► Бензин буын ішке тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде отын құйыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыш қызады. Бензин
таралып, жанармай багында артық қысым пайда
болуы мүмкін. Жанармай багының құлпы ашық болған
0478-111-9848-A