4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз, түсініп алыңыз және сақтап
қойыңыз.
Лақтырылатын бөгде заттар бойынша
қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және
тиісті шараларды орындаңыз.
Айналмалы пышақпен жанаспаңыз.
От алдыру білтесі сымының штекерін
тасымалдау, сақтау, техникалық қызмет
көрсету немесе жөндеу кезінде суырып
алыңыз.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
4.2
Мақсаты бойынша қолдану
STIHL RM 248 T немесе RM 253 T көгалшапқышы құрғақ
көгалды шабуға арналған.
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тиісінше пайдаланылмаса, адамдар
ауыр жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқышты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
пайдаланыңыз.
0478-111-9848-A
4.3
Пайдаланушыға қойылатын талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алмауы және бағалай алмауы мүмкін.
Пайдаланушы немесе басқа адамдар ауыр немесе
қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз, түсініп алыңыз және сақтап
қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға табыстаған жағдайда:
көгалшапқыштың және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын бірге беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы бар.
– Пайдаланушының дене, сезім және ақыл-ой қалпы
көгалшапқышты басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушының дене, сезім
немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі болса, ол
құрылғымен тек бақылау астында немесе жауапты
тұлғаның нұсқаулары бойынша ғана жұмыс істей
алады.
– Пайдаланушы көгалшапқыш тәуекелдерін
анықтай алады және бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар мен залал
үшін жауапты екендігін біледі.
– Пайдаланушы кәмелетке толған немесе ұлттық
ережелерге сәйкес кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш рет
пайдаланбас бұрын STIHL делдалынан немесе
білікті тұлғадан нұсқау алған.
– Пайдаланушының жұмысына ішімдік, дәрі-дәрмек
немесе есірткі әсері кедергі келтірмейді.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда: STIHL
делдалына жолығыңыз.
қазақ
403