Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 248 T Manual De Instrucciones página 407

Ocultar thumbs Ver también para RM 248 T:
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
4.6
Қауіпсіз күй
4.6.1
Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде, көгалшапқыш қауіпсіз
жұмыс күйінде болады:
– Көгалшапқыш зақымдалмаған.
– Көгалшапқыштан бензин шықпайды.
– Жанармай багының құлпы жабық.
– Көгалшапқыштан мотор майы шықпайды.
– Мотор майының құлпы жабық.
– Көгалшапқыш таза.
– Басқару элементтері қызмет етеді және
модификацияланбаған.
– Шапқаннан кейін шөп жинағышта шабылған шөп
жиналса: шөп жинағыш тиісінше бекітілген.
– Шапқан кезде шабылған шөп артқа түсірілуі қажет
болса: шөп жинағыш босатылған және лақтырманың
қақпағы жабық.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа STIHL керек-
жарақтары орнатылған.
– Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
– Серіппе астындағы механизмдер зақымсыз және
жұмысқа қабілетті.
– Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру айырын
жіберген кезде, қозғалтқыш сөнеді.
0478-111-9848-A
Сақтандыру
■ Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас бөлшектер ары
қарай тиісінше жұмыс істей алмайды, сақтандырғыш
құрылғылар істен шығуы және жанармай шығуы
мүмкін. Адамдар ауыр немесе қазалы жарақат алуы
мүмкін.
► Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс істеңіз.
► Көгалшапқыштан бензин шыққан жағдайда:
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз және
STIHL делдалына жолығыңыз.
► Жанармай багының құлпын жабыңыз.
► Көгалшапқыштан мотор майы шыққан жағдайда:
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
► Мотор майының құлпын жабыңыз.
► Көгалшапқыш ластанған болса: көгалшапқышты
тазалаңыз.
► Көгалшапқыш пен оның қауіпсіздік жүйелерімен
күрделі іс-әрекеттер жасамаңыз.
► Көгалшапқышта іштен жанатын қозғалтқыштың
қуаттылығын немесе айналу жиілігін өзгертетін
күрделі іс-әрекеттер жасаудан бас тартыңыз.
► Басқару элементтері жұмыс істемесе:
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
► Серіппе астындағы механизмдер сақталған
энергияны шығара алады.
► Шапқаннан кейін шөп жинағышта шабылған шөп
жиналса: шөп жинағышты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай бекітіңіз.
► Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа STIHL керек-
жарақтарын орнатыңыз.
► Пышақты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай орнатыңыз.
► Керек-жарақты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта немесе керек-жарақтың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
орнатыңыз.
қазақ
405
loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253 t