МОТОР
Электр қозғалтқышы бар велосипедтің «C» қозғалтқышы – жоғары айналу моменті мен азырақ
қарсылықты (тыныш қозғалтқыш) қамтамасыз ететін механикалық азайту функциясы бар қылшақсыз
қозғалтқыш. Жүргізуші құлағындағы А-өлшенген эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі 70 дБ(A)
шамасынан аз. Қозғалтқыштың қуаты 250 Вт-қа дейін шектелген.
БАТАРЕЯ ЖӘНЕ ЗАРЯДТАҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫ
Батарея сипаттары мен кепілдігі
Біздің электрлік велосипедтеріміздің барлық батареялары литий-иондық элементтерден жасалған
технологияны қолданады және есте сақтауға әсері жоқ. Батареяны кез келген уақытта қайта
зарядтауға болады. Зарядының толық таусылуын күтудің қажеті жоқ.
Батареяны әркез пайдаланғаннан кейін қайта зарядтау керек.
Алғаш рет пайдаланудың алдында батареяны толығымен зарядтау керек.
Батарея
Зарядтағыш құрылғы
Кіріс: 100-240 В
Батарея 36 В / 17,5 A/сағ
Шығыс: 29,4 В
630 Вт/сағ
Велосипедтің осы үлгісі үшін DECATHLON ұсынған зарядтау құрылғысының басқасын ешқашан
пайдаланбаңыз. Басқа зарядтау құрылғысын пайдалану батареяны зақымдауы немесе қауіпті
оқиғаларға (ұшқын, өрт) себеп болуы мүмкін.
Қызмет ету мерзімі
Электрлік велосипедтің жұмыс ұзақтығы көптеген факторларға байланысты:
- Велосипед жүктемесі: Велосипедке шамадан артық жүктеме түсіру батареяның қызмет ету мерзімін
азайтадыВелосипед асыра жүктелген болса, жұмыс істеу ұзақтығы азаяды (паньерқоржындар,
нәресте тасымалдаушытасымалдауға арналған қоржындар, т.б)
- Пайдалану: Тепкіні айналдыру кезінде адам түсіретін күшке байланысты автономды жұмыс
ұзақтығы ұзақ немесе қысқа болады.
- Айдау түрі: Велосипедті биік жерге айдаған кезде, батареяның жұмыс ұзақтығы қысқарады.
- Шиналардағы қысым: Егер шиналары 1,2 және 2,5 бар қысымы арасында үрленген болса,
батареяның қызмет ету мерзімі мен өнімділігі жақсы болады.
- Сыртқы температура: Ауа райы суық болған кезде, жұмыс ұзақтығы қысқарады.
- Қолданыстағы көмек режимі: Батарея заряды төмен болған кезде, көмек режимін азайтқаныңыз
жөн.
- Таңдалған беріліс коэффициенті : Тік еңістерде өзіңізге және қозғалтқышқа түсетін жүктемені
шектеу үшін дұрыс тістегерішті таңдау керек.
541